11.10.2023, 11:44
Оқиғалар
Шығыс Қазақстандағы кеніште екі жұмысшы топырақ астында қалды
Олардың бірі топырақтан шығарылған, екіншісін құтқару жұмысы жүргізіліп жатыр
Фото: freepik
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы KAZ Minerals компаниясының кенішінде екі адам топырақ астында қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиғаның қалай болғанын KAZ Minerals тобы корпоративтік департаментінің менеджері Ермек Дүзкенов айтып берді.
«Кейбір БАҚ өкілдері кеншілер үйінді астында қалды деп жазып жатыр. Бұл — қате ақпарат. Екі жұмысшы опырылған жерге құлап кетті. Олардың үстіне тау жынысы құлаған жоқ. Оның бірі қазір топырақтан шығарылып, ауруханаға жеткізілген. Екіншісін құтқару жұмысы жүргізіліп жатыр. Жұмысшы тірі», — деп түсіндірді ол.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды