Израильде жүрген 124 қазақстандық арнайы рейспен елге жеткізіледі – СІМ
Бүгін кешке ұшақ Алматы қаласына келеді деп күтіліп отыр

Израильдегі соғыс жағдайының өршуіне байланысты сонда жүрген 124 қазақстандық арнайы бортпен елге жеткізіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Бүгін таңғы 8:00-де Израильдегі қазақстандықтарды елге қайтару үшін арнайы Air Astana ұшағы аттанған еді.
«Бүгін 10 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те Израильдің Тель-Авив қаласынан Қазақстанға репатриациялық рейс ұшып шықты. Бортта 166 жолаушы бар, олардың ішінде 124 ҚР азаматы және 42 шетелдік азамат. Бүгін кешке ұшақ Алматы қаласына келеді деп күтіліп отыр», - деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Еске салайық, Ауғанстанда алапат жер сілкінісі болып, 2500-ге жуық адам қаза тапты.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен қазақстандық құтқарушылар жасағы Ауғанстанға кетті.