$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған жігіт 4 жылға сотталды

25 жастағы жігіттен мефедрон психотроптық заты тәркіленген

Шымкентте аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған жігіт 4 жылға сотталды
Фото: freepik.com

Шымкентте аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған жігіт сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен қала аумағында есірткі заттарын тасымалдау күдігі бойынша 25 жастағы жігітті тоқтатқан болатын. Жедел-тергеу тобының қызметкерлері ер адамның жеке басын тексеру барысында есірткіге ұқсас заттар салынған 101 орама тәркіледі.

Сараптама қорытындысы алынған заттардың аса ірі мөлшердегі мефедрон психотроптық заты екенін растады.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша тіркеп, тергеу амалдарын жүргізді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде тергеушілер күдіктінің кінәсін толық дәлелдеп, қылмыстық іс-бойынша жинақталған құжаттар мен айғақтарды сотқа жолдады.

Сот шешімімен жергілікті тұрғын 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары