$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте 3 жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Алдын ала болжам бойынша, бала москит торына сүйеніп, сонымен бірге құлаған

Шымкентте 3 жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті
Фото: freepik.com

Шымкентте 3 жасар бала терезеден құлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Шымкент қалалық ТЖД дағдарыс жағдайларында басқару басқармасына 7 қазанда сағат 18:20-да «103» қызметінен Әл-Фараби ауданының Сайрам шағынауданында ата-анасының қарауынсыз қалған 2020 жылы туған баланың 4-ші қабаттан құлап түскені туралы хабарлама келіп түсті.

Алдын ала болжам бойынша, бала москит торына сүйеніп, сонымен бірге құлап кеткен, осы уақытта анасы басқа бөлмеде болды.

Зардап шегуші Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық балалар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр (мидың шайқалуы, жіліншіктің жабық сынуы, іштің доғал жарақаты).

Жыл басынан бері Шымкентте балалардың терезеден құлауының 7 фактісі тіркелді. Олардың үшеуі қайтыс болды, 4 бала зардап шекті. Барлық оқиғаларда сәбилер ата-аналарының қарауынсыз қалды.

Серіктес жаңалықтары