$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.10.2023, 00:40
Оқиғалар

Ақмола облысында тісін жұлдыртқан жасөспірім қайтыс болды

Аталған мәселе бойынша арнайы комиссия құрылды

Ақмола облысында тісін жұлдыртқан жасөспірім қайтыс болды
Фото ашық дереккөзден

Адам өліміне әкелген тағы бір қайғылы оқиға Ақмола облысында тіркелді. Мұнда тісін жұлдыртқан жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Жеткіншек тамыз айында Көкшетау қаласының іргесінде орналасқан Красный Яр елдімекеніндегі ауруханаға барған. Содан кейін дене қызуы көтеріліп, жүрегі айнып, құсқан. Алайда, дәрігерлер «суық тигізіп алған» деп, оны тұмаудан емдеген. Одан жағдайы жақсармаған соң, жеткіншектің өзі де бірнеше рет тісін жұлған стоматологқа жүгінген. Дегенмен, ақ халаттылар антибиотик жазып беріп, үйге жіберді, дейді анасы. Салдарынан жасөспірімнің жағдайы күннен-күнге нашарлап, комаға түсіп, он күннен кейін жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

 «Аталған мәселе бойынша Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мекемесі жанынан арнайы комиссия құрылды. Медициналық талаптарды бұзушылық анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданатын болады. Дегенмен әлі де дәрігерлерді толықтай кінәлау ерте. Комиссия шешімі шыққаннан кейін барлығы белгілі болады», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Кәмила Әбделманова.

Серіктес жаңалықтары