ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 115 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 325 адамға жетті

Елімізде қауіпті вирус жұқтырған тағы 17 адам анықталды

Қазақстандағы 31 наурыз сағат 09:40 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 17 адам тiркелді: Нұр-Сұлтан қаласында – 2, Алматы қаласында – 9 адам, Қызылорда облысында – 3 адам, Атырау облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында  – 1 адам, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Осы сағатта:

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 175 адам,

Алматы қаласында – 82 адам,

Қарағанды облысында - 13 адам,

Ақмола облысында - 10 адам,

Атырау облысы - 13 адам,

Жамбыл облысында -3 адам,

Шымкент қаласында - 2 адам,

Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам,

Алматы облысында - 8 адам,

Ақтөбе облысында - 3 адам,

Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам,

Павлодар облысында - 1 адам,

Маңғыстау облысында - 1 адам,

Қызылорда облысында - 8 адам,

Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 325 науқас тіркелді.

Өкінішке қарай, COVID-19 вирусынан 1 адам көз жұмды.