04.10.2023, 20:43
Оқиғалар
Алматыда жүк көлігі самокат мінген жасөспірімді қағып, мерт қылды
Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді
Фото ашық дереккөзден
Алматыда жүк көлігі самокат мінген жасөспірімді басып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметінше, кісі өліміне әкелген жол апаты бүгін сағат 15:55-те Алматының Тимирязев көшесінде болған.
«Howo» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Тимирязев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, оңға бұрылғанда самокатпен батысқа қарай жүріп бара жатқан 2010 жылы туған Ж. есімді баланы қағып кетті. Алған жарақатының салдарынан жасөспірім оқиға орнында көз жұмды», - деп делінген полиция хабарламасында.
Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Сараптама тағайындалды.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
