04.10.2023, 09:58
Оқиғалар
Қарағанды-Теміртау трассасында көлік жанып кетті
Өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ
3 қазан күні Қарағандыдан Теміртауға баратын жолда көлік жанып кетті, деп жазады Azattyq Ruhy ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД пультіне көлік жанғаны туралы хабарлама 3 қазан күні сағат 16:44-те түскен.
«Теміртау қаласында, «Алматы-Екатеринбург» автомобиль жолының 1046-шы шақырымында Mercedes-Benz маркалы көлігі толық жанып кетті. Өрт аумағы – 3 шаршы метр. Өрт ТЖД күштерімен сағат 17:05-те ауыздықталды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
