ШұғылCOVID-19: 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 308 адамға жетті

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелді

31 наурыз сағат 00:10 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 5 адам, Акмола облысында - 1 адам анықталды.

«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 173 адам, Алматы қаласында – 73 адам, Қарағанды облысында - 13 адам, Ақмола облысында - 10 адам, Атырау облысы - 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам,
Алматы облысында - 8 адам, Ақтөбе облысында - 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 5 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 308 науқас тіркелді», - деп жазылған хабарламада.

Айта кету керек, ДСМ Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3,5 мыңға жетуі мүмкін екенін болжап отыр.