$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.03.2020, 00:52
Оқиғалар

Коронавирустан қайтыс болған әйелдің тест нәтижесі кеш дайын болған - ДСМ

Елжан Біртанов оқиғаны тексеру барысында анықталған кемшіліктер туралы айтты

Коронавирустан қайтыс болған әйелдің тест нәтижесі кеш дайын болған - ДСМ
Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысында коронавирустан қаза тапқан әйелдің оқиғасын тексеру барысында болған кемшіліктер анықталып, жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері мен денсаулық сақтау басқармасының басшысына тәртіптік жаза қолданылды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты. 

«Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеру жүргізді. Негізі бізге ресми түрде ешкім хат жазған жоқ. Тексеру нәтижесінде медициналық қызметкерлердің жағдайдың коронавирусқа байланысты болуы мүмкін екенін болжамағаны және жедел жәрдемді бірінші рет шақырған кезде науқастың ауруханаға жатқызылмағаны анықталды. Науқасқа суық тиюіне байланысты ем-дом жазып берген. Науқастың туыстарына түсіндіру жұмыстары жүргізілмеген, соның салдарынан ол ауруханаға кеш жатқызылған. Бұл жағдай адам өлімімен аяқталды», - деді Елжан Біртанов.

Министрдің сөзінше, техникалық себеппен тест нәтижесін беруге қатысты қателіктер болған.

«Сол күні зертханада жүктеме көп болғандықтан, тестің соңғы нәтижесі сәл кешірек шыққан. Тест нәтижесі науқас қайтыс болғаннан кейін дайын болған. Бұл жағдайға қатысты мәселені талқылап, зертханалардың тұрақты түрде жұмыс істеу жағын қарастырдық. Тек бір зертхананың өзінде ғана күніне мың тест жасалады. Бір құрылғыдан ең көп дегенде 30 тест өткізуге болады. Біз мұндай жағдай қайталанбас үшін бар күшімізді саламыз», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары