30.09.2023, 15:44
Оқиғалар
Жамбыл облысындағы полигонда Ұлттық ұланның үш офицері жарақат алды
Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Фото ашық дереккөзден
Жамбыл облысындағы полигонда Ұлттық ұланның үш офицері жарақат алды.Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«25 қыркүйекте жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес «Айша-Бибі» оқу полигонында Ұлттық ұланның әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқу-жаттығу өткізді. Қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан 3 офицер аяғынан жеңіл жарақат алды», - делінген хабарламада.
Әскери қызметшілер Тараз қаласының емдеу мекемесіне жатқызылды. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, өмірлік маңызды органдарына залал келмеген. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті