$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада «Mеrcedes-Benz» автокөлігі аялдамадағы адамдарға соғылды

Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

Астанада «Mеrcedes-Benz» автокөлігі аялдамадағы адамдарға соғылды
Фото: Polisia.kz

Астанада көлік аялдамадағы адамдарға соғылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«29 қыркүйекте сағат 08.31-де «Mеrcedes-Benz» автокөлігі А.Байтұрсынұлы көшесімен Т.Жүргенов көшесіне қарай келе жатып, жолақ ауыстырар кезде өз бетімен кетіп бара жатқан «Mazda» көлігіне апат жағдайын туындатқан. Салдарынан «Mazda» көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, аялдамаға соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шегушілер медициналық мекемеге жеткізілді», - деп жазылған Астана қаласының Полиция департаментінің дерегінде.

Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«Зардап шеккендер арасында қаза болған ешкім жоқ», - дейді Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков.

Серіктес жаңалықтары