29.09.2023, 11:35
Оқиғалар
Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген деструктивті-діни ағымның жақтаушылары ұсталды
Оларға қатысты тиісті процессуалдық шешім қабылданады
Фото: Polisia.kz
Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген деструктивті діни ағымның жақтаушылары ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ІІМ баспасөз қызметі 2021 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 54 жастағы Өзбекстан азаматы Отырар ауданында ұсталғанын мәлімдеді. Ер адам өз елінде «Ұрлық» бабы бойынша көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестірілген.
Бір тәуліктен кейін алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы Өзбекстанның тағы бір азаматы ұсталды. Іздеуде жүрген екі қылмыскер де деструктивті діни ағымның жақтаушысы ретінде есепте тұр.
Оларға қатысты тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті