26.09.2023, 16:00
Оқиғалар
Шымкентте 7 жасар қызды КамАЗ қағып кетті
Дәрігерлер оқушының жағдайын ауыр деп бағалап отыр
Фото ашық дереккөзден
Шымкентте КамАЗ жүк көлігі оқушыны қағып кетті. 7 жасар қыз шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Дәрігерлер оған операция жасап, қазіргі таңда оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр.
Оқиға 21 қыркүйек шамамен сағат 13:10-да «Асар-2» шағынауданында болған. Жол апатынан кейін жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген оқушыға екі аяғының ашық сынуы диагнозы қойылған.
Полиция мәліметінше, аталған факт «Жол қозғалысы ережелерін бұзған кезде адам денсаулығына ауыр зиян келтіру» бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Көп оқылған
22.06.2026, 15:47
Алматыда 17 жыл бұрын банктердің бірінен 183 млн теңге ұрлаған ер адам Қырғызстанда қолға түсті
22.06.2026, 10:32
Димаш қазақтың тағы бір халық әнін заманауи стильге келтіріп, жаңа челлендж бастады (ВИДЕО)
22.06.2026, 14:17
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты (ВИДЕО)
22.06.2026, 12:25
Ескерту: Қазақстанда ұшып бара жатқан ұшаққа лазер түсіргендер 10 жылға сотталып кетеді
22.06.2026, 09:35
Павлодарда әкімдік саябақтың бүкіл аумағын бетондап, оған 368 млн теңге жұмсамақ болды
22.06.2026, 12:02
Шекарадағы қылмыс: Түркістан облысында 17 адам қамауға алынды (ВИДЕО)