26.09.2023, 15:16
Оқиғалар
Жетісу облысында көлік аударылып, бір адам көз жұмды
Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді
Фото: Telegram/police_of_kz
Жетісу облысының Ақсу ауданындағы Көлтабан – Матай тас жолында Mitsubishi Montero Sport көлігі жол апатына ұшырап, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, ауылдық жолдың 50 шақырымында 63 жастағы жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай аударылып кеткен.
"Оқиға орнынан екі ер адам ауруханаға жеткізілді, олардың біреуі ауруханада көз жұмды. ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп жазылған Полиция департаменті таратқан хабарламада.
Полицейлер қазір жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен жүргізушінің рөлді басқара алмай қалуына не себеп болғанын анықтап жатыр.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды