Жамбыл облысында жеңгетайлықпен айналысқан 50 жастағы әйел ұсталды
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Жамбыл облысында притон мен жеңгетайлықты ұйымдастырған әйелдің ісі әшкере болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Stop трафик» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде Жамбыл облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратты іске асыру кезінде клиенттерге ақша үшін қыздардың интимдік қызметтерін ұсынған кафелерді анықтады.
Заңсыз қызметті ұйымдастыруда ойын-сауық мекемесінің әкімшісі күдікті ретінде ұсталды.
50 жастағы әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады, қазіргі уақытта келу туралы міндеттемемен босатылды. Қолма-қол ақша және телефон түріндегі заттай дәлелдемелер алынды.