Ауқымды операция: «Ертіс орманы» басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Тінту кезінде атыс қаруы, оқ-дәрілер және өзге де дәлелдемелер тәркіленді
Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Ертіс орманы» ерекше қорғалатын аумағынан орманды заңсыз кесу және ұрлау фактілерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Полицияның хабарлауынша, тінту шаралары облыстық прокуратураның үйлестіруімен «Ертіс орманы» резерваты бойынша жүргізілген.
«Полиция қызметкерлері «Ертіс орманы» РММ-де, Шалдай және Бесқарағай орманшылығында, сондай-ақ бірқатар басшылардың тұрғылықты жері бойынша 20-ға жуық санкцияланған тінту іс-шараларын жүргізді. Тінту кезінде құжаттамадан басқа атыс қаруы, оқ-дәрілер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болжамды мәліметтер бойынша орманды заңсыз кесуге «Ертіс орманы» РММ-нің лауазымды тұлғалары қатысты болуы мүмкін», - делінген хабарламада.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.