$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.09.2023, 21:18
Оқиғалар

Павлодарда өнеркәсіп орнында жұмысшының үстіне сілтілі ерітінді түскен

Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаны тергеу шаралары ұйымдастырылуда

Павлодарда өнеркәсіп орнында жұмысшының үстіне сілтілі ерітінді түскен
Фото ашық дереккөзден

Павлодарда «Қазақстан алюминийі» АҚ өнеркәсіп ошағында жұмысшы зардап шегіп, ауруханаға түсті. Оның үстіне сілтілі ерітінді түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық еңбек басқармасының мәліметінше, 18 қыркүйекте «Қазақстан алюминийі» АҚ-да гидрометаллург-аппаратшы маман үстіне сілтілі ерітінді түскен.

«Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаны тергеу шаралары ұйымдастырылуда», - делінген басқарма хабарламасында. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен адам жансақтау бөлімінде жатқанын, ол үздіксіз жылытылған сетрильді ауа беріліп тұратын бөлімде екенін нақтылайды.

«Жағдайы тұрақты, ауыр деп бағаланады, есін біледі. Беті мен сол жақ жоғарғы аяғын, денесін  22% термохимиялық күйік шалған», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Серіктес жаңалықтары