Ақмола облысында екі адамды өлтірген тұрғын өмір бойына сотталды
Оның бұрын да кісі өлтіргені үшін жазасын өтеп шыққаны белгілі болды

Ақмола облысының тұрғыны екі адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталушы бұрын да кісі өлтіргені үшін жазасын өтеп шыққан.
«Бұрын адам өлтіргені үшін сотталған М есімді ер адам О. және С. Есімді таныстарымен спирттік ішімдік ішкен. Отырыс барысында олардың арасында жанжал туындап, сотталушы О.-ға бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Қылмысты жасыру үшін М. С. Есімді әйелді де пышақтап өлтірген», - делінген сот хабарламасында.
М. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 10, 13-тармақтарымен – қылмысты жасыру үшін бірнеше рет адам өлтіру бойынша қаралды.
«Ер адамның кінәсі жәбірленушілер мен куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамаларымен, сарапшылардың қорытындыларымен, сотталған адамның кінәсін толық мойындауы және іс бойынша басқа да дәлелдемелермен расталады», - делінген сот хабарламасында.
Сот М.-ның 2008 жылы кісі өлтіргені үшін 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілгенін, оның әрекетінде бұрынғы қылмысын қайталау қауіптері бар екенін ескерді.
«Сот үкімімен М. екі адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілерге келтірілген моральдық шығын мен материалдық шығынды өтеу туралы талап арыздар қанағаттандырылды», - делнген сот үкімінде.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.