$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«65 млн теңге шығын келтірген»: Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

55 жастағы күдіктінің бес адамға материалдың шығын келтіргені анықталды

«65 млн теңге шығын келтірген»: Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды
Фото: Polisia.kz

Аса ірі көлемде бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен Түркістан облысының 55 жастағы тумасы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

5 жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 65 млн теңгені құрады.

Полицейлердің мәліметінше, 55 жастағы О.есімді азамат ұсталып, ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Тергеу барысында ер адамның бейтаныс адамдардың сеніміне кіріп, Алматы қаласының кез келген ауданында жер телімдерін, жылжымайтын мүлікті тіркеуге, заңдастыруға және жер теліміне мемлекеттік актілерді алып беремін деп ұсыныс жасағаны анықталды. Күдікті бастапқы төлемді алып, содан кейін клиенттің ақшасымен жоғалып кетті. Қазіргі уақытта біздің бөлімшеге бес адам арызбен жүгінді», – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Полиция қызметкерлері күдіктінің қаланың басқа аудандарында да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері азаматтарды күдіктіні таныған жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-705-555-77-63 және 8-778-591-91-35.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Серіктес жаңалықтары