$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысында көлік аударылып, жүргізушісі қаза тапты

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр

Абай облысында көлік аударылып, жүргізушісі қаза тапты
Фото: freepik.com

Абай облысындағы «Семей-Қайнар» тасжолында көлік аударылып, жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Абай облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы «Семей-Қайнар» тасжолының 41 шақырымында болған.

«Chevrolet» маркалы автокөліктің 46 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан көлік аударылып түсті. Жүргізуші сол жерде қаза болды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ҚР ҚК-нің 201-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары