ШұғылЛицензиясынан айырылған Tengri Bank салымшыларының кепілдік өтемі қайтарыла бастады

«Birgemiz» қорынан жұмсалған ақшаның чегіне дейін жарияланады – Абаев

Қордағы қаражат 1  млрд теңгеге жақындады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавируспен күресу үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қорының есебі туралы айтты. Оның сөзінше, қорға түсіп жатқан ақша туралы күн сайын есеп берілуде.

«Қазір көрсетілетін көмек түрлері мен оны алатындар тізімі жасалып жатыр. Қордың сайтында шығындар туралы барлық ақпарат, тіпті, чектер де жарияланып отырады», - деді Д.Абаев.

Еске салсақ, қор құрылғаннан кейін оған қазақстандық кәсіпкерлерден бір тәулікте 41 млн доллар аударған болатын. Атап айтқанда, қорға Тимур Құлыбаевтан 10 млн доллар, Кеңес Рақышевтан 1 млн доллар, Ғалымжан Есенов, Айдын Рахымбаев, Рашид Сәрсенов, Александр Клебанов, Александр Беловичтерден 2 млн доллардан бөлген. Ізінше «Қазақмыс» және ERG корпорациялары қорға 10 млн доллардан бергені хабарланды.

26 наурыз күні қор төрағасы Руслан Сәкеев әзірге 906 млн теңге түскенін хабарлады.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан