COVID-19 инфекциясынан жазылған тағы бір науқас үйге шықты
Қазақстанда қауіпті індеттен әзірге үш адам айықты
Ол Алматыға 13 наурызға қараған түні Берлин – Минск – Алматы чартерлік рейсімен келген ер адам. Науқас вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсынан өткен. Ауру жеңіл түрде өтіп, емдеу кезеңінде асқынулар болмаған. Қазір ол емхананың медициналық қызметкерлерінің қадағалауында болатын 14 күндік үй карантиніне шығарылды.
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, экипажды қоса алғанда, борттағы барлық 12 адам жұқпалы аурулар стационарына карантинге жатқызылып, оқшауландырылған еді.
«Ертең, бақылау талдауы расталғаннан кейін тағы бір пациентті шығару жоспарлануда. Ол қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан 12 жасар қыз»,-деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әмірболат Құсайынұлы, Алматы