06.09.2023, 15:37
Оқиғалар
Абай облысында скутер жүргізушісі жүк көлігіне соғылды
Бірнеше дене жарақатын алған жасөспірім аудандық ауруханаға жеткізілді
Фото: Polisia.kz
Абай облысында кәмелетке толмаған скутер жүргізушісі жүк көлігіне соғылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
30 тамыз күні Омбы – Майқапшағай тас жолының 904-шақырымында Жарма ауданында жасөспірімнің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
14 жастағы мотоциклші жол ережесін сақтамай, қарсы жолаққа шығып, салдарынан Ѕкаnіа жүк көлігімен соқтығысқан.
Бірнеше дене жарақатын алған жасөспірім аудандық ауруханаға жеткізілді. Мұның басты себебі-жасөспірімнің жол қозғалысының қарапайым ережелерін білмеуі, тәртіпсіздік, немқұрайлылық, сондай-ақ ата-аналар тарапынан қадағалауының жеткіліксіздігі.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды