ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 67 адамнан коронавирус анықталды

Алматыда коронавирус инфекциясының тағы 5 ошағы анықталды

Шаһарда 24 ошақ тіркелді

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің соңғы дерегі бойынша  Алматы аумағында коронавирустық инфекцияның тағы 5 ошағы анықталды. Сөйтіп, шаһарда 24 ошақ тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Тиісінше, бүгін Медеу ауданындағы Зенков көшесі, 24 үй мекенжайы бойынша карантин күшін жойды. Ал Самал-3 ықшамауданы, 5-ші үй, Жұлдыз-1 ықшамауданы, 130-ші үй, Ақжар поселкесі, Береке көшесі, 1/97-ші үй, Жетісу-2 ықшамауданы, 70а үй және Папанин көшесі, 145а мекенжайындағы тұрғын үйлер бүгіннен бастап карантинге жабылды.

«Қала билігі алматылықтарды карантин режимін қатаң сақтауға, карантиндік аумақтың ішінде жүруден аулақ болуға, жеке гигиена шараларын сақтауға, туыс, дос, әріптестерімен және т.б. адамдармен қарым-қатынасты шектеуді сұрайды. Мұндағы мақсат – әр адамның өзін коронавирустық инфекция жұқтырудан сақтау, туғандары мен жақындарына және айналасындағыларға да жұқтыру қаупін төмендету. Қала әкімдігі, медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметтері тарапынан індеттің ошақ аумағынан тыс жерлерге тарап кетпеуі үшін күшейтілген іс-шаралар атқарылуда», - делінген департаменттің арнайы хабарламасында.

Алматыдағы коронавирус ошақтарының барлық мекенжайлары мыналар:

  • Әуезов ауданында 2 жұқтыру ошағы: Жетісу-2 ықшамауданы, 70а;  Мамыр-4 ықшамауданы, 313 мекенжайында орналасқан.
  • Алатау ауданында 3 жұқтыру ошағы: Заря-Восток ықшамауданы,  Сары-ой көшесі, 234; Ақкент ықшамауданы, 7; Ақбұлақ ықшамауданы, 9-шы үйде орналасқан.
  • Алмалы ауданы бойынша 4 ошақ: Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7; Жамбыл көшесі, 155-ші үйде орналасқан.
  • Медеу ауданында 4 ошақ тіркелді: Достық көшесі, 162; Гоголь көшесі, 75; Қонаев көшесі, 62; Самал-3 ықшамауданы, 5-ші үйде.
  • Жетісу ауданында 2 ошақ бар: Еңлікгүл, 34а, Волочаевская көшесі, 51.
  • Түрксіб ауданында 7 ошақ тіркелген: Алтай-1 ықшамауданы, 8; «Жас қанат» ықшамауданы, 86; Майлин көшесі, 77; Спасская көшесі, 63;  Жұлдыз ықшамауданы, 45; Папанина көшесі, 145 а; Жұлдыз-1 ықшамауданы, 13-ші үйде  орналасқан.
  • Бостандық ауданында 1 ошақ - Тұрғыт Озал көшесі, 242 мекенжайында.
  • Нарызбай ауданында 1 ошақ - Ақжар поселкесі, Береке көшесі, 1/97 мекенжайында орналасқан.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы