05.09.2023, 10:58
Оқиғалар
Алматыда ауыр жол апатын жасаған жүргізуші қашып кетті
Ол бірден төрт көлікті зақымдаған
видеодан кадр
Алматы тұрғыны жаппай жол апатын жасап, төрт көлікті соққан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқиға 5 қыркүйекке қараған түні Сайын мен Шаляпин көшелерінің қиылысында болған.
«Сағат түнгі 01:35 шамасында Mercedes автокөлігінің жүргізушісі Сайын көшесінің солтүстік бағытында келе жатып, Шаляпин қиылысында арақашықтықты сақтамай төрт көлікті соққан. Оқиға орнында Nissan, Toyota Land Cruiser, Prado және Chevrolet автокөлігінің иелері зардап шеккен. Кінәлі оқиға орнынан жаяу қашып кеткен», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Авторы: Әмірболат ҚҰСАЙЫНҰЛЫ
Көп оқылған
18.11.2026, 08:22
«Төрт сағат жолда жатып қалған»: Қарағанды облысында оқушы қызды қағып өлтіріп алған әйел оқиға орнынан қашып кеткен
18.11.2026, 12:05
Астананың аспанынан доллар лақтырған Жақыпов пен Отыншиевтің қайда отырғаны белгілі болды
18.11.2026, 10:15
Қазақстанда іздеуде жүрген және наркологиялық есептегі 720 мың адам inDrive пен Yandex-те такси қызметін ұсынған
Бүгін, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
18.11.2026, 14:47
Қонаевта 6-сынып оқушысы мектептің үшінші қабатынан екінші қабатына құлап, қаза тапты
18.11.2026, 21:42
Семейде TikTok-та балағат сөз айтқан әйел жындыханаға түсті
