$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда заңсыз жүрген Тәжікстан мен Өзбекстанның 30 азаматы елден шығарылды

Қалада көші-қон заңнамасын бұзған 800-ден астам шетелдік азамат анықталды

Алматыда заңсыз жүрген Тәжікстан мен Өзбекстанның 30 азаматы елден шығарылды
Фото: Polisia.kz

Тәжікстан мен Өзбекстанның 30 азаматы ҚР-ның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін елден шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Полиция қызметкерлері «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз жүргендерді анықтады.

«Қалада іс-шараның 18 күнінің ішінде еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған 2 380 адам анықталды, олардың 813-і шетелдік азамат. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 387 шетел азаматы орналастырылды. Сонымен қатар шетелдіктердің Қазақстанда болуының заңдылығын қамтамасыз етпеген 349 азаматқа қатысты әкімшілік шара қолданылды», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері жақында 30 құқық бұзушыны мемлекеттік шекараға жеткізуді ұйымдастырды. Осы мақсаттар үшін көп орындықты автобус қарастырылған. Олар «Жібек жолы» бақылау-өткізу бекетінде мемлекеттік шекараға дейін жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары