02.09.2023, 16:48
Оқиғалар
Атырауда құны 67 млн теңге болатын заңсыз темекі тәркіленді
Тексеріс қорытындысы бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі
Фото ашық дереккөзден
Атырауда құны 67 миллион теңге болатын заңсыз темекі тәркіленді. Бұл туралы Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Рейд барысында ведомство қызметкерлері 100 мыңға жуық заңсыз темекі өнімін анықтаған.
«Кәсіпорын мемлекеттік кірістер органдарында темекі өнімдерін көтерме сатушы ретінде тіркемей жұмыс істеген», - делінген хабарламада.
Тексеріс қорытындысы бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды