01.09.2023, 16:43
Оқиғалар
Екібастұзда жол апаты кезінде көлік аударылып, бір жасар сәби зардап шекті
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тексеру жүргізіледі
Фото: misto.vn.ua
Екібастұзда жол апатында бір жасар сәби зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қыркүйек күні сағат 08:02-де Беркімбаев - Шахтерск көшелерінің қиылысында «LADA Vesta» және «Toyota Surf» маркалы екі автокөлік соқтығысты.
«Салдарынан «Toyota Hilux SURF» көлігі аударылып қалды. Оның жүргізушісі мен екі көліктің екі жолаушысы Екібастұз қаласындағы ауруханаға медициналық көмекке жүгінді. Олардың арасында бір жастағы сәби бар», – деді департаментте.
Автокөліктер мамандандырылған тұраққа қойылды.
Облыстық жедел жәрдем станциясында 37 жастағы әйел адам мен бір жастағы бала зардап шеккенін хабарлады.
Көп оқылған
26.08.2026, 13:29
«Жүре алмайтыныма қарамастан ауруханадан шығарып жіберді»: Ұлдана Мырзуан көмекке ұмтылған әйел өз шындығын айтты
26.08.2026, 17:24
«Өлтіре ме деп қорқамын»: Алматыда бойжеткен экс-сүйіктісінен көрген азабын айтып, жанұшыра көмек сұрады
26.08.2026, 16:59
Пәкістанда аурухана өртеніп, 14 сәби тірідей жанып кетті
26.08.2026, 17:11
Секіріп, қуанды: Тоқаевтың сұрағына мүдірмей жауап берген оқушы желі жұртын сүйсіндірді (ВИДЕО)