$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жағдайы ауыр»: Павлодарда бес жасар бала сүндеттелгеннен кейін ауруханаға түсті

Жауапты дәрігер қызметінен шеттетілді

«Жағдайы ауыр»: Павлодарда бес жасар бала сүндеттелгеннен кейін ауруханаға түсті
Фото: f-sma.ru

Павлодарда бес жасар бала сүндеттелгеннен кейін ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы баланың анасы әлеуметтік желіде жазып, құзырлы органнан көмек сұрады.

«Мен өзімнің 5 жастағы баламды 23 тамыз күні мұсылман дәстүрі бойынша сүндетке отырғызу үшін Павлодар облыстық балалар емханасының хирург дәрігеріне алып келдім. Өкінішке қарай, дәрігердің қателігі мен қызметіне салғырт қарауының нәтижесінде баламның денсаулығына үлкен зиян келді. Хирургия бөлімінің меңгерушісінің өзі мұны дәрігер қателігі деп айтты. Сол күні біздің басымыздан өткен жағдайды сөзбен айтып жеткізе алмаспын. Отаға алдын ала жазылып, дәрігермен танысып, ұлымызды оған сеніп тапсырудың нәтижесінде біз қазір Астана қаласындағы Ана мен бала орталығында жатырмыз. Дәрігер баламның болашағына балта шапты», - дейді ашынған ана.

Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, қазіргі таңда баланың ота жасалған жеріне екі катетор қойылған. Жағдайы ауыр. Дәрігерлер де нақты ештеңе айтпаған.

«Қазіргі таңда дәрігер өзінің жұмысына танытқан салғырттығын жабу үшін шығару уақытын өзгертіп, жазбаны түзетіп жатыр. Бұған дейін ол шығару құжатымен таныстырып, қолымызға бермеген», - дейді ол.

Баланың анасы ҚР денсаулық сақтау министрлігі мен бала құқығын қорғау органдарына мәселені назарға алып, кінәлі адамды жазалауды сұрайды.

Аталған оқиғаға қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді.

«Осы факт бойынша денсаулық сақтау басқармасында арнайы комиссия құрып, қызметтік тексеру жүргізеді. Оның нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады. Осы жағдай бойынша жоспардан тыс тексеруді ашу үшін ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне хат жолданды. Бала Ана мен бала орталығының урология бөлімінде, жағдайы тұрақты», - делінген хабарламада.

Бүлдіршінге ота жасаған маманның 13 жылдық еңбек өтілі бар. Сонымен қатар, ол «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша біліктілік I санатындағы дәрігер. Қазіргі уақытта дәрігер хирургиялық операциядан шеттетілді.

Серіктес жаңалықтары