28.08.2023, 15:37
Оқиғалар
Шымкентте ер адам төбелестен соң үйіне келіп көз жұмған
Төбелес 25 тамыз күні Самал базарының маңында болған
Фото ашық дереккөзден
Шымкентте ер адам төбелестен соң үйіне жетіп көз жұмған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
1982 жылы туған ер адам төбелестен соң үйіне барып, өзін нашар сезінген, әйелі жедел жәрдем шақырған.
Шақыру бойынша келген жедел жәрдем оның қайтыс болғанын анықтады.
«Шұғыл шақыру» бағдарламасының хабарлауынша, төбелес 25 тамыз күні сағат 21:30 шамасында Тельман шағынауданында, Самал базарының маңында болған. Алдын ала болжам бойынша, екі адам төбелескен.
Ер адамның нақты неден қайтыс болғанын медициналық сараптама анықтайды.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады