Ақтөбеде жол апатынан шетелдік азамат қаза тапты

Azattyq Rýhy

Оның кәмелетке толмаған жолаушысы аурузанаға жатқызылды

Ақтөбеде жол апатынан шетелдік азамат қаза тапты
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ақтөбеде жол апаты салдарынан шетелдік азамат қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 26 тамызда сағат 14:00-де Самара – Шымкент автожолының Қызылорда облысының шекарасына жақын жерінде болған.

«Өзбекстан Республикасының MAN-TGX жүк көлігін жүргізіп келе жатқан 24 жастағы азамат жолдың қарсы қозғалысқа арналған жағына шығып, Ресей Федерациясының 51 жастағы азаматының басқаруындағы Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан Lada жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Ал оның кәмелетке толмаған жолаушысы түрлі жарақатпен Ырғыз ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Алдын ала болжам бойынша, MAN-TGX жүргізушісі көлік құралын шаршаңқы күйде басқарған», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.