$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.08.2023, 13:37
Оқиғалар

Алматы тауларында түнде екі турист адасып кеткен

Іздеу-құтқару жұмыстары тауда қатты жаңбыр жауып тұрғанда жүргізілді

Алматы тауларында түнде екі турист адасып кеткен
Фото: gov.kz

Іле Алатауы тауларында жауынды түні адасып кеткен екі турист құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 тамызда Медеу ауданындағы тауларда екі турист адасып кеткені туралы хабарлама түскен.

«Сағат 21:45-те ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары туристерді іздеуге аттанды, оның ішінде бір кинологиялық есеп бар. Тауда қатты жаңбыр жауып, іздеу-құтқару жұмыстары қиын климаттық жағдайларда жүргізілді. Сағат 00:15-те ер адамдар Фурманов шыңының «качели» аймағына барар жолда, Кімасар асуының жоғарғы  ауданынан табылды», - делінген ТЖМ хабарламасында.

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары таудағы қауіпсіз сапардың кейбір ережелерін еске салады.

«Табиғат аясына шыққанда қажетті заттар: қосалқы киім жиынтығы, телефонға арналған қосымша қуат көзі, қол шам, су өткізбейтін қапқа салынған сіріңке, алғашқы көмек жинағы болуы керек. GPS навигаторы мен шағылыстыратын көкірекше болған абзал. Түстен кейін зерделемеген бағытқа шықпау, бейтаныс соқпақпен бағытты қысқартып жүру ұсынылмайды. Жорықтың негізгі бөлігі таңертең, күн жарықта жүрілу керек», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары