$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда өзгенің пәтерінен ірі көлемде ақша ұрлаған ер адам ұсталды

Ол ақшаны көңнің ішіне тығып қойған

Алматыда өзгенің пәтерінен ірі көлемде ақша ұрлаған ер адам ұсталды

Алматы полициясы пәтер ұрлығына күдікті азаматты анықтады, деп жазады Polisia.kz.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен Медеу ауданының полицейлері Алматы облысының 34 жастағы тұрғынын ұстады.

«1989 жылы туған И.есімді азамат терезе арқылы бөтен біреудің үйіне кіріп, одан жасырын түрде сейфті ұрлап кеткен. Сейфтің ішінде ірі көлемде ақша болды. Ұрлық болған кезде үй иелері болмаған, олар бірнеше күн бұрын демалысқа кеткен. Отағасының айтуынша, ол – жеке кәсіпкер. Оның сейфінде 250 мың доллар болған. Жедел және арнайы іс-шаралардың нәтижесінде қылмыс ашылды. Күдікті ұсталып, кінәсін мойындады. Күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту жүргізілді. Ол ұрланған ақшаны көңнің арасына тығып қойған. Айғақты заттар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді», – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

 ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Серіктес жаңалықтары