$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.03.2020, 19:22
Оқиғалар

Алматыда коронавирус жұқтырған баланың жағдайы нашарлады

Қазіргі уақытта бала өкпенің жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

Алматыда коронавирус жұқтырған баланың жағдайы нашарлады

Алматыда коронавирус жұқтырған баланың жағдайы нашарлады. Ол өкпенің жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Жалпы, Алматыдағы провизорлық  госпитальдарға  карантинмен 56 бала түскен.

Қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекция 40 адамда анықталған. Коронавирус анықтаған адамдардың көбі – шетелден ауырып келгендермен байланыста болғандар.

Қазіргі уақытта барлық пациенттердің жай-күйі – қанағаттанарлық.

Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханаларында қазіргі уақытта 40 пациент болса,  оның ішінде екеуі – бала.

38 пациенттің жай-күйі – қанағаттанарлық, 1 баланың денсаулығы орташа  ауыр дәрежеде. Ал екінші баланың  жағдайы ауыр. Әрең демалып жатқан науқастың ентігуіне байланысты, оны дәрігерлер  өкпенің жасанды желдету аппаратына қосқан. 

Бүгінгі күні Алматыдағы  провизорлық госпитальдерде карантинде 938 азамат жатқызылса, олардың  56-сы – бала. 

Карантиндегі барлық адамның температурасы қалыпты жағдайда.

«Бүгін, 26 наурызда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан  COVID-19 расталған әйел жазылып шықты. Ол коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың ішінде Қазақстандағы  алғашқы пациенттердің  бірі болған. Пациент вирусты  Еуропа елдерінің  бірінен жұқтырып келген.

Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ауру симптомдарсыз өтіп, әйел вирусқа қарсы емді қанағаттанарлық жағдайда өткерді. Емдеу кезеңінде асқынулар болған жоқ. Соңғы екі талдау ринавирустың болуына теріс нәтиже көрсетті», - деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбділдаев.

Әмірболат Құсайынұлы,  Алматы

Серіктес жаңалықтары