$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.03.2020, 17:22
Оқиғалар

Оқушыларға онлайн сабақ 30 минуттан өтеді

6 облыста балабақшалар жұмысын тоқтатты

Оқушыларға онлайн сабақ 30 минуттан өтеді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың хабарлауынша, бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Түркістан, Ақмола, Алматы облыстарында балабақшалар жұмысын тоқтатқан.

«Ал еліміздің басқа да  өңірлерінде балабақшалар штаттық режимде жұмыс жасауда. Алайда6 балабақшаларға балаларды ата-аналары өз еркімен апаруға мүмкіндігі бар. Апармаған жағдайда, балалардың балабақшадағы орны сақталады», - деді Дәурен Абаев.

Министрдің мәліметінше, қазіргі уақытта штаттық режимде жұмыс жасайтын балабақшаларға тек 67 мың бала келуде. Бұл көрсеткіш 11 пайызды құрайды. Сондай-ақ, министр оқушыларды қашықтан оқыту барысына тоқталды. Оның сөзінше, қашықтан оқыту әр мектептегі сабақ кестесіне сәйкес өтеді.

«Елімізде қашықтан оқыту процесін бастауға дайындық жұмысы жүргізілуде. Жұмыс тобы құрылды. Әлем елдерінің қашықтан оқыту тәжірибесі зерделенді. Министрлікте құрылған жобалық кеңсенің ұсыныстарын ескере отырып, өз тұжырымдамамызды айқындадық. Негізгі контент ретінде телевизиялық сабақтар, дайын цифрлық ресурстар ұсынылады», - деді ол.

Яғни телевидениеге 2 мыңнан астам сабақ түсіріледі. Бүгінде телевизиялық сабақтардың 200-ге жуығы дайын. Сабақты өткізу уақыты 30 минутты құрайды. Оқушы, мұғалім, ата-ана кері байланысты «Күнделік», «Білім ал» жүйелері арқылы орнататын болады.

Әсел Тұмашқызы, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары