24.08.2023, 17:56
Оқиғалар
Қостанайда үш жасар қыз терезеден құлап, тірі қалды
Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық
фото: pixabay.com
Жазатайым оқиға 22 тамызда сағат 13:30-да 9 шағын аудандағы бес қабатты тұрғын үйде болды. 2019 жылы туған қыз үшінші қабаттың терезесінен құлап түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Наша Газета сайтына сілтеме жасап.
Оқиға бала ересектердің қарауынсыз жалғыз қалған кезде болды.
«Бүлдіршін қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер оған мидың шайқалуы, қабақтың ашық жарасы, іштің жарақаты диагноздарын қойды. Қазір жағдайы қанағаттанарлық», - деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, Қостанайда бір жыл ішінде тұрғын үйдің терезесінен бала құлаған жетінші жағдай және облыс бойынша 13-ші жағдай.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді
25.09.2026, 10:39
Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: соңғы екі сарбаздың мәйіті табылды (ВИДЕО)
25.09.2026, 11:52
Алматы тауларына қыркүйекте қар жауды (ВИДЕО)