24.08.2023, 13:48
Оқиғалар
Жетісу облысында көлік аударылып, зейнеткер қайтыс болды
Көлік салонында тағы төр адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді
Фото: Polisia.kz
Жетісу облысында көлік аударылып, зейнеткер жүргізуші қаза болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жол-көлік апаты Ескелді ауданында LADA Largus автокөлігінің қатысуымен болған. Жергілікті маңызы бар Көксу – Балпық би – Қарабұлақ – Қайнарлы тас жолының 34-шақырымында көлік аударылып, оқиға орнында 64 жастағы жүргізуші зейнеткер қаза тапты.
«Көлік салонында болған екі ер адам және екі әйел азаматы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Медициналық тексеруден кейін екі адамға амбулаториялық ем тағайындалып, екі адам ауруханаға жатқызылды», – деп хабарлады Ескелді ауданының полициясы.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды