$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысында жаяу жүргіншіні мас жүргізуші қағып өлтірді

Полицейлер 30 жастағы жүргізушіні «ізін суытпай» анықтады

Абай облысында жаяу жүргіншіні мас жүргізуші қағып өлтірді
Фото: Polisia.kz

Абай облысында мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан бой тасалаған. Салдарынан жаяу жүргінші сол жерде жан тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 тамыз күні сағат 19:30 шамасында Зайсан көлінің жағасындағы Тассай ауылдық округінің Береговой учаскесінде белгісіз адамның мәйіті табылған.

Полицейлер 30 жастағы жүргізушіні «ізін суытпай» анықтады, ол мас күйінде Subaru Legacy автокөлік құралының тізгінінде 32 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 32 жастағы жаяу жүргінші жол-көлік оқиғасы болған жерде қайтыс болған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары ҚР ҚК-нің 345-1-бабының 3-бөлігі (Абайсызда өлімге әкеп соқтырған, Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін абайсызда бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде бойынша анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары