23.08.2023, 14:09
Оқиғалар
Екі адам қаза тапты: Ақтөбеде жүк көлігі жеңіл көліктің үстінен жаншып өткен
Қайғылы оқиға 23 тамызда сағат 08:45 шамасында болған
Ақтөбе облысында өлімге әкеліп соқтырған жол апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 23 тамызда сағат 08:45 шамасында Самара – Шымкент автожолында болған.
«Алға ауданының Сарытоғай ауылына жақын жерде Volvo жүк көлігі мен ВАЗ 2110 автокөлігі соқтығысты. Соның салдарынан 44 жастағы жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді