«Қазақстан» шахтасы қасақана өртелгені жайлы ақпаратқа қатысты полиция түсініктеме берді

Өрттің шығу себебін анықтайтын тиісті сараптамалар тағайындалған

«Қазақстан» шахтасы қасақана өртелгені жайлы ақпаратқа қатысты полиция түсініктеме берді
Фото: pxfuel

Әлеуметтік желілерде Қарағанды ​​облысының полиция департаментіне сілтеме жасап, «Қазақстан» шахтасындағы өрт қасақана болуы мүмкін деген ақпарат пайда тарады, Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп хабарлады Қарағанды ​​облысының ПД баспасөз қызметі.

Полицейлер атап өткендей, барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, өрттің шығу себебін анықтайтын тиісті сараптамалар тағайындалды.

«Облыс тұрғындарын ықтимал қауесеттер мен арандатушылықтарға берілмеуді, тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылу қаупі бар», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында 17 тамыз күні өрт шыққан еді. Апат кезінде шахтада 227 қызметкер болған. Апатты жою жоспарын дереу енгізу арқылы 222 адам жерге көтерілді. Өкінішке қарай, жер астында қалып қойған 5 кенші қаза тапты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.