21.08.2023, 11:44
Оқиғалар
Павлодарда екі көлік соқтығысып, алты адам зардап шекті
Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр
Фото: pavlodarnews.kz
Павлодарда алты адам жол апатында зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 тамыз күні сағат 20:30 шамасында Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 97/1 мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратқа қарама-қарсы «Lada Granta» және «Mercedes» маркалы автокөліктер соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Lada Granta» автокөлігінің жолаушылары – екі бала мен екі ересек адам, сондай-ақ екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Автокөліктер айып тұрағына қойылды.
Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
19.11.2026, 12:32
Бас мүфти Астананың тамадаларын жинап алып, тойдағы ұятсыз ойындар туралы сөйлесті
