18.08.2023, 17:13
Оқиғалар
Ақтөбеде жол апатына түскен жүргізушіге көмектеспек болған ер адам қаза тапты
46 жастағы ер адамды басқа көліктің жүргізушісі қағып кеткен
Сhevrolet Lanos автокөлігінің жүргізушісі «Ақтөбе – Родниковка» автожолымен жүріп келе жатып, Ақшат ауылы маңында жолдан өтіп бара жатқан жылқыға соқтығысқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізушіге көмек көрсету үшін екінші көліктің 46 жастағы жолаушысы жүгіріп келген.
«Осы кезде басқа Nissan Note Hybrid автокөлігінің жүргізушісі жолда жатқан жылқыға соғылып, қозғалыс бағытын өзгертіп, көмекке келген ер адамды қағып кеткен. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады Полиция департаменті.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 15:50
Аптап ыстықтың беті қайта ма: алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды