Орал-Атырау тасжолында жол апатынан екі адам қаза тапты

Аталған фактіге сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Орал-Атырау тасжолында жол апатынан екі адам қаза тапты
Фото: БҚО ТЖД

Бүгін, 18 тамыз күні Бәйтерек ауданы Щапов ауылы маңында жол-көлік оқиғасы болып, екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Шақырту орнына жеткен құтқарушылар Бәйтерек ауданы Щапов ауылы маңында, Орал-Атырау тасжолының 35 шақырымында Газель жүккөлігі мен Фольцваген Пассат көлігінің соқтығысқанын анықтады.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар оқиға орнында көлікке қысылып қалған 2 адамның денесін шығарған. Зардап шеккен 4 жолаушы құтқарылды, оның үшеуі – бала. Зардап шеккен 4 жолаушы жедел жәрдем қызметіне берілді.

Ішкі істер министрлігі аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1979 ж.т. «Фольсваген Пассат» маркілі автокөлігінің жүргізушісі және сол көліктің 1993 ж.т. әйел жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ «Фольсваген Пассат» маркілі автокөлігінің 1986 ж.т. және кәмелетке толмаған 2021, 2019 және 2011ж.т. жолаушылары ауруханаға жатқызылды», – деді ІІМ баспасөз қызметінен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.