17.08.2023, 17:58
Оқиғалар
«Қазақстан» шахтасындағы өрттен екі адам қаза тапты
Әлі 3 адамның тағдыры белгісіз
Фото ашық дереккөзден
Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында болған өрттен екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Еске салайық, бүгін таңертең сағат 10:05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД «Қазақстан» шахтасында Д6 (горизонт – 170 м) көмір еңісінің қазбасында конвейер таспасы өртенді.
Өрт кезінде шахтада барлығы 227 адам болған. Бұған дейін 222 адамның жер бетіне шығарылғаны хабарланды.
Екі адамның қаза тапқаны туралы ақпаратты Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды