15.08.2023, 17:33
Оқиғалар
ЖОО-ға грантқа түсіруге уәде еткен Тараз тұрғыны ұсталды
Ер адам өз кінәсін толық мойындады
2023 жылдың 11 тамызында Тараз қаласының Полиция басқармасына Түймекент ауылының тұрғыны шағымданды. Әйел шағымында осы жылдың 28 шілдесінде ұлының Алматы қаласының белді университеттерінің біріне грантқа түсіру үшін өзінің танысына 500 000 теңге бергенін хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер Тараз қаласының 31 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Тергеу жалғасуда.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады