15.08.2023, 15:53
Оқиғалар
Қарағанды облысында жол апатынан үш адам көз жұмды
28 жастағы жүргізуші мен екі көліктің жеті жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді
15 тамызда Ақсу-Аюлы кентінен 50 км қашықтықта орналасқан Алматы - Екатеринбург автожолында Chevrolet Cobalt және Volkswagen Passat көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апаты салдарынан Volkswagen көлігінің 41 жастағы жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Сондай-ақ 28 жастағы Chevrolet жүргізушісі және екі көліктің жеті жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды