Іздеудегі ер адамдарға қатысты қандай да бір ақпарат бергендерге арнайы сыйақы қарастырылған
Түркістан облысының Полиция департаменті адам өлтірді деген күдікке ілінген екі адамға іздеу жариялады, деп Azattyq Ruhy Отырарға сілтеме жасап хабарлайды.
Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша күдікті 14.12.1985 жылы дүниеге келген Абдукаримов Санжар Жұмадиллаұлы іздестіріліп жатыр. Сондай-ақ 24.07.1989 жылы дүниеге келген Пашекеев Бахтияр Ғалымұлына да іздеу жарияланды. Ол дәл осы баптың 2-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Екеуінің де бұлтартпау шарасы – қамауға алу.
Облыстық Полиция департаменті іздеудегі ер адамдарға қатысты қандай да бір ақпарат болса, ведомствоның кезекші бөліміне 102, 8(725-33) 5-97-65 немесе іздестіру тобына 8-747-789-06-79 байланыс нөмірлері арқылы хабарлауыңызды сұрайды. Айта кетейік, берілген ақпараттың құпиялығы сақталады және арнайы сыйақы қарастырылған.