14.08.2023, 13:53
Оқиғалар
Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты
Қайғылы оқиға Көкшетау-Рузаевка автожолында болған
Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты, деп Azattyq Ruhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға 14 тамыз күні Көкшетау-Рузаевка автожолында болған. Lexus LS 430 көлік құралы мен DAF бензин тасығышы бетпе-бет соқтығысқаны анықталды.
«Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртенді. Оқиға орнында 42 жастағы Lexus-тың жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», - деді ІІМ баспасөз қызметінен.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.


Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді
25.09.2026, 10:39
Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: соңғы екі сарбаздың мәйіті табылды (ВИДЕО)
25.09.2026, 11:52
Алматы тауларына қыркүйекте қар жауды (ВИДЕО)