14.08.2023, 14:00
Оқиғалар
Шымкентте жеңіл көлікпен соқтығысқан скутер жүргізушісі ауыр жағдайда ауруханаға түсті
Көліктер екі көшенің қиылысында соқтығысқан
Шымкентте 13 тамызда кешкі сағат 7 шамасында Тәшенов пен Иляев көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқиға орнында Chevrolet пен скутер соқтығысқан. Екі көлік те Ташенов көшесімен бір-біріне қарама-қарсы бағытта жүріп келе жатқан.. Тәуке хан көшесі жағынан келе жатқан Chevrolet қиылыста Іляев көшесіне бұрылғысы келген. Ал Скутердің жүргізушісі Желтоқсан көшесінен тура келе жатқан. Екі көлік бағдаршамның тұсында соқтығысты. Қатты соққыдан скутердің жүргізушісі түрлі жарақаттар алып, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды.
Жол-көлік оқиғасының егжей-тегжейін құқық қорғау органдары тексеруде.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді
25.09.2026, 10:39
Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: соңғы екі сарбаздың мәйіті табылды (ВИДЕО)
25.09.2026, 11:52
Алматы тауларына қыркүйекте қар жауды (ВИДЕО)